Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Бұған дейінгі А4- пішіндегі қағаздың орнына А5 форматында парақша қолданылады. Сонда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде 8 жолақ болады. Оның 7-еуі партиялар тізімі, ал біреуі барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы. Бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні сияды. Әрі көзге анық көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар дайындалған. Егер депутат болуға үміттілердің саны 16-дан көп болса, онда бюллетендер көбейеді. Бұған дейін Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс беруші тіркелген.