Францияның оңтүстігіндегі Карри-ле-Руэ қаласында алғаш болып рұқсатнама жүйесін енгізді. Мемлекет басшысы Эммануэль Макрон тамыз айынан бастап ел аумағында бар, ресторан, сауда орындарына кіру үшін немесе поезд және ұшақпен қатынау үшін арнайы рұқсатнама жүйесі енгізілетіндігін айтқан болатын. Карри-ле-Руэнің орталығында коронавирусқа тест алатын бірнеше пункт ашылды. Ол туристтердің жедел тесттен өтіп, қалағанынша қыдыруына арналған. Пункттер ашылған бірінші күні-ақ, 308 тест жасалған. Бұған себеп, қаланың көрнекті жерлеріне тек арнайы рұқсатнамамен кіруге болады. Рұқсат жүйесін енгізу туралы заң жобасы Франция Парламентінің біріккен комитетіне жексенбі күні жіберілді.