Түркістан
EN

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

113
24.02.2023

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 23 ақпанда «Қаз авиа құтқару» мекемесінің әуекөлігі апатты жағдайда қонып, 4 адам қаза тапқан еді. Олар – борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов, ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов, жетекші инженер Жәрдем Доскалиев пен екінші пилот Владимир Афанасьев. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тікұшақ апатынан қаза болғандардың балаларына кәмелетке толғанша жұмыста алып жүрген айлық мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ енді МИ-8 тікұшағын пайдаланатын компаниялар қатаң тексерілетін болды. Жоспардан тыс инспекциялық тексеруді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізбек.