Елімізде 125 мыңнан аса шетелдік автокөлік заңдастырылды. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, тек елімізде ғана емес, әрбір мемлекетте көліктерді есептен шығару тәртібі өздерінің ұлттық заңнамасымен реттелген. ҚР үкіметі мен ішкі істер министрлігі Ресей, Қырғызстан, Арменияның құзыретті органдарына Қазақстан азаматтарының автомобилдерін есептен шығару мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолдаған. Алайда Қырғызстан мен Армения автокөліктерді қашықтықтан есептен шығару мүмкін еместігі туралы жауап берді дейді ол.