Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Сарыағаш ауданының жұртшылығымен жүздесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Саялы өлкеде былтыр 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі едәуір артып, 27 млрд теңгеге жеткен.