Түркістан
EN

Түркістандық көлік жүргізушілерінің 43 млн қарызы бар

245
23.02.2023

Түркістанда мыңнан аса жүргізуші көлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Құзырлы органдар берешегі бар жандардың жолын кесуге тырысқанымен, көрсеткіш азаймаған. Дәл қазір жалпы қарыз көлемі бір ғана Түркістанның өзінде 43 490 000 теңгеге жеткен. Оның 21 660 000 көлігін сатып жібергені мен салығы қалып қойғандардың берешегі. Осыған байланысты қалалық кірістер басқармасының мамандары мен полиция департаменті бірлесе отырып  арнайы рейд  ұйымдастырды. Соның нәтижесін де салық төлеу уақытын өткізіп алған жүзден аса жүргізуші ұсталды.