Түркістан облысындағы Келес ауданы негізінен шөлейтті аймақта орналасқан. Бірақ бұл жағдай Райыс Тастановқа балық өсіруге кедергі бола алған жоқ. Жасанды тоғандарға 1 млн шабақ салған Ақтөбе ауылының тұрғыны өткен жылы 85 тонна балық сатқан. Ауылдағы балық шаруашылығының ерекшелігі неде? Толығырақ тілшіміз баяндап берсін.