Түркістан облысында мақта өңдеу зауыты мен тігін мата фабрикасы салынады. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды өзбекстандық "Глобал Текстил Груп" компаниясының басшылығымен кездесіп, екіжақты келісімге келді. Әуелі Жол картасы аясында мақта-тоқыма кешені мен логистикалық хаб жасақталады. Ал 2026 жылы Мақтаарал ауданында қос бірдей кәсіпорын бой көтермек. Осылайша жергілікті шаруалар ақ алтын талшықтарын өткізу үшін әуре сарсаңға түспейді. Айта кетейік, Түркістан облысының шаруалары қазірдің өзінде жылына 100 мың тонна мақта талшығын өндіріп жатыр. Сондай-ақ биыл Мақтаарал ауданындағы 10 мың гектар жерге мақта егілмек.