Сауран ауданында былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,1 млрд теңгені құрап, ұлттық жоба аясында 16 жобаға 1 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Биыл құны 6,3 млрд теңгені құрайтын 6 жеке инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 195 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан жұртшылығымен кездесуінде айтты. Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлінген. 2022 жылы 4 елді мекенге жаңа ауыз су құбыры тартылса, ұзындығы 34 шақырымды құрайтын 18 көше асфальттанды. Биыл 4 елді мекенге табиғи газ беру жоспарланып отыр.