Түркістан
EN

Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінеді - Үкімет басшысы

176
22.02.2023

Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге несие бөлінеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты. Сондай-ақ ол биыл жеңілдетілген бағамен 413 мың тонна дизель отыны берілетінін мәлімдеді. Дегенмен салада бірнеше проблема бар. Егістік алқаптарының тозуы мен егіс алқаптарын арамшөптердің басып кетуі өнімнің сапасы мен көлеміне кері әсер етіп отыр. Ал суды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын азайту тетіктері дұрыс жолға қойылмай келеді. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды. Одан бөлек Әлихан Смайылов егіс алқабында тыңайтқыштардың жеткілікті қолданылмайтынын сынға алды.