Түркістанда веб-сериал түсіріледі. "Бағыт" деп аталатын туындыны түсіру наурыз бен шілде айына жоспарланып отыр. Жобаны Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы қолға алған. Олар өңірдің білімді, талантты ерекше жастарын көпке үлгі ретінде көрсетуді мақсат тұтып отыр. Сондай-ақ, қысқа метражды сериал арқылы жастар арасындағы ертежүктілік, қылмыс, суицид секілді өзекті мәселелердің бәсеңдеуіне үлес қосу көзделді. Мұнан бөлек биылғы жылға "Дәулеттен кеңес" атты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жобалары жүзеге АСАДЫ. Сонымен қатар , түркі елдері арасындағы халықаралық байқаулар мен фестивальдер өткізу көзделген. Бұл туралы Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы – ЕРНАР БЕКТАЕВ, баспасөз отырысында мәлімдеді.