Келес ауданында «Қазыналы қария – тең қоғам» орталығының мамандары мыңға жуық зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрседі. Әлеуметтік орталықта келушілердің бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Күніне 50-ге жуық адам келіп, әлеуметтік қызметтерді пайдаланады екен. Былтыр 500-ге жуық азамат осы орталыққа келген.