Түркістан
EN

Арыс қаласында мемлекеттен 125 млн теңге жымқырған мекеме анықталды

116
20.02.2023

Арыс қаласында мемлекеттен 125 млн теңге жымқырған мекеме анықталды. Қылмыстық топ Арыс қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері екені белгілі болды. Олар пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасыларға бөлінген қаржыны өз туыстары мен таныстарына аударып отырған. Қазіргі таңда сот үкімімен аталған тұлғаларға 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәулет Нарымбетов баспасөз отырысында мәлімдеді.