Түркістан облысының Жетісай ауданындағы бес мектеп қыс мезгілінде көмірсіз қалған. Мұндай олқылықты аудандық прокуратура қызметкерлері анықтады. Тексеру барысында бұл білім мекемелеріне оқу жылының басынан бері көмірге қаржы қаралмай, оқушылар бүрсең қағып келгені белгілі болған.