Түркістан
EN

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

190
17.02.2023

Қазақстаннан  гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты. Айта кетейік, аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді. Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.