Түркістан
EN

НАТО үйсіз қалған Түркия азаматтарына уақытша пана береді

139
17.02.2023

Түркиядағы зілзала НАТО альянсы құрылғалы бері, солтүстік-атлантикалық одаққа мүше елдер аумағындағы ең ірі табиғи апат. Бұл туралы альянс бас хатшысы Йенс Столтенберг айтты. Ол ресми сапармен Түркияның зілзала болған аймақтарына барды. НАТОның басты стратегиялық әуе базаларының бірі Инджирликтен Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акармен бірге ұшқан Столтенберг Хатай провинциясына келтірілген залалды бақылап қайтты. Одан кейін, елдің сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлымен кездесті. Ол басқосуда Столтенберг бұл жағдай Альянс доктринасындағы танымал 5 бапқа жатпаса да, бүкіл Альянс жұмыла көмектесетінін мәлім етті.