Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында 260 сағат жатқан ұл бала тірі табылды. Мұның алдында Кахраманмараш қаласында 17 жастағы бойжеткен әйел құтқарылған. Ол құлаған ғимараттың астынан зілзаладан кейін 248 сағат өткенде шығарылды. Дегенмен қазір қираған үйлерді жағалаған жұрт өз жақындарын тірі табудан күдер үзіп, ең болмаса денесі шығып, өз қолдарымен жерлеуді тілеп жүр.