Түркістан облысында 11 мектептің оқушылары талапқа сай емес, сыртқы дәретханаларды пайдаланып жүр. Мұндай мектеп дәретханалары Сарағаш, Мақтарал, Жетісай және Отырар аудандарында орналасқан. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазір бұл кемшіліктерді жою бойынша, жауапты мекемелерге хат жолдаған. Айта кетейік, 2023 жылдан бастап, кәсіпкерлік кодекске өзгерту енгізілді. Енді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері жоспарлы түрде тексеру жұмыстарын жүргізбейді. Сәйкесінше прафилактикалық тексеру жұмыстарын өткізеді. Сондай-ақ, түрлі интернет нүктелерінен нақты деректер анықталған жағдайда ешқандай ескертусіз оқиға орнын тексеруге құқылы.