Түркістан
EN

Сенатор еліміздегі мектептерді күзету жүйесіне қатысты ұсыныс айтты

59
17.02.2023

«Білім туралы» заңда оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бір ауыз сөз жоқ. Бұл туралы Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп мәлімдеді. Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында сенатор Қазақстандағы мектептердің қауіпсіздігі формальды және қарабайыр түрде жүргізілетінін атап өтті. Елімізде қазір бұл бағыт бойынша маңызды ғылыми база жоқ. Сонымен қатар депутат оқушылардың психологиялық портретін жасау, отбасының әлеуметтік мәртебесін анықтау кезінде депрессияға немесе агрессияға бейім балаларды алдын-ала оқшаулау ескерілмейтінін айтты.