Алматыда эпидахуал ушығып барады. Соңғы бір тәулікте вирус жұқтырғандардың саны мыңнан асып кетті. Осыған байланысты қалада қатаң карантиндік шектеулер енгізілді. Ауруханаларға күніне вирус жұқтырған 400-ден аса адам жатқызылып жатыр. Бұл емделіп шыққандардан екі есе көп. Жансақтау бөлімінде 250 науқас бар. Қазіргі уақытта емделу мекемелерінің 50 пайызы індеттің ілмегіне ілінгендерге толы. Сондықтан қосалқы қордағы орын санын көбейту туралы да шешім қабылданды. Қазір шаһар бойынша 680 мың адам екпенің бірінші компонентін алды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және ойын-сауық орталықтарында 212 вакцина салу пункті жұмыс істеп тұр.