Түркістан
EN

1 сағатта 7 млрд лира жиналды

168
16.02.2023

 Кеше Түркияның бүкіл телеарналарында «Түркия – бір жүрек» тақырыбында телемарафон өтті. Шараны бір мезгілде жергілікті және шетелдің 213 ұлттық және халықаралық телеарналары мен 562 радиостанциясы тікелей эфирде көрсетті. Бауырлас елдегі тележобаны «Turkıstan» телеарнасы да көрермен назарына ұсынып, әріптестік қолдау жасады. Эфир барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастауымен арнайы қор ашылды. Оған ірі компаниялар, спорт және өнер жұлдыздары қомақты қаржы аударды. Алғышқы 1 сағаттың ішінде жиналған қаражат 7 млрд лираға жетті. 7 сағатқа созылған шара барысында ресми қайырымдылық қорына 115 млрд. түрік лирасынан астам қаржы түсті. Теңгеге шаққанда, шамамен  2 триллион 875 млн.-дай болады. Жиналған қаржы зілзала зардаптарын жоюға жұмсалады.