Мақтарал ауданында өткен жылы 81 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда 141 шақырым арналар механикалық тазалаудан өтіп, 13 мың гектар суармалы жердің жағдайы жақсарды. Ал биыл шаруаларға төмендетілген бағамен 5,7 мың тонна дизель отыны бөлініп отыр. Мақтаарал тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Сондай-ақ өңір басшысы мақта алқаптарын әртараптандыру, шиттің сапасын арттыру мәселесіне де тоқталды.