Түркістан
EN

Мақтаарал ауданында 108 жаңа жұмыс орны ашылады

101
16.02.2023

Мақтаарал ауданында 108 жаңа жұмыс орны ашылады. Осыған орай, биыл 1,7 млрд теңгеге 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ал өткен жылы аудандағы  өнеркәсіп өнім көлемі 16 млрд теңгені құраған. Оған  2 инвестициялық жоба іске асырылып, 175 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Дегенмен, бұл нәтиже 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге аз. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мақтааралдық тұрғындармен кездесу барысында айтты. Және аудан әкіміне биыл бұл олқылықтың орнын толтыру керектігін ескертті.