Туризмді дамыту бойынша әлемнің үздік 50 елінің қатарына кіруді көздеп отырмыз. Осы саланы дамыту туралы жиында премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Ал мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2030 жылға дейін ішкі туристер саны 11 миллионға, шетелдік туристер 4 миллион адамға дейін өседі деген болжамын ұсынды. Сондай ақ осы салада еңбек ететіндер саны 800 мың адамға дейін артады деген жоспар бар. Туризмді дамыту шеңберінде республиканың негізгі 10 туристік аймақтың инфрақұрылымын жаңарту көзделіп отыр.