Түркістан
EN

Арыстағы жарылысқа қатысты сот болды

94
15.02.2023

Арыстағы жарылыс салдарынан келген шығын әлі толық өтеліп біткен жоқ. Тіпті аяқ-қолынан айырылса да назарға ілінбей қалғандар бар. Бүгін осы жағдай бойынша Түркістан облыстық сотында 70-ке жуық жәбірленушінің арыз шағымы қаралып, шешім шығарылды.  Бір сағаттан аса уақытқа созылған процеске айыпталушы тарап келген жоқ. Бірақ соттың сұрақтарына онлайн форматта жауап берді. Қос тараптың уәжін тыңдап болған судья апеляцияны қанағаттандырып, Арыс аудандық сотының шешімін өзгертті. Яғни арызданушыларға төленетін төлемақыны көбейтті.