Түркияда зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты. Қаралы хабарды президент Режеп Тайып Ердоған жеткізді. Ол бұл соңғы 1 ғасырдағы ең үлкен апат деп мәлімдеді. Ал мамандар 7 тәуліктен соң адамдардың үйінді астында тірі қалуы өте сирек дегенді айтады. Өйткені зілзаланың негізгі ошағы Қаһраманмараш қаласында сау қалған ғимарат аз.