34 жыл бұрын дәл осы күні кеңес әскері ауған жерінен шығарылды.10 жылға созылған соғысқа елімізден мыңдаған жауынгер аттанып, интернацианалдық борышын өтеген. Бүгін осындай Түркістандық ардагерлерге құрмет көрсетіліп, қыршын кеткен боздақтардың рухына тағзым етілді.