«Екпе алуға діни тұрғыда рұқсат жоқ. Егер рас болса имамдар неге салдырмайды.» Ел арасында осындау қауесет әңгіме жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Бұл әңгімеге бүгін нүкте қойылды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Еркебұлан Қарақұлов бастаған бір топ имамдар бүгін СПУТНИК V вакцинасын алғашқы дозасын алды. Облыстың бас имамы екпеден кейін өзін жақсы сезінетінін айтты. Енді ол 21 күннен кейін, яғни тамыздың екінші жартысынан бастап, екінші бөлігін салдыра алады. Облыстағы аудан, қалалардағы дін қызметкерлерінің 50 пайызы індетке қарсы екпені қабылдаған. Айта кетейік, бұған дейін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзгелерге үлгі болып індетке қарсы «QAZVAC» екпесін салдырған болатын. «Қауіпті індетті жеңудің жалғыз жолы оған қарсы екпе салдыру болған соң осындай қадамға барып отырмыз» - дейді имамдар.