Сарыағаш қаласындағы бірнеше жылдан бері бос тұрған 13 көпқабатты тұрғын үй алдағы маусым айында пайдалануға берілетін болды. Бұл үйлерге арналған автономиялық кәріз жүйесін жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 134,7 млн теңге бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен бой көтерген коммуналдық-арендалық тұрғын үйлер баспана кезеңінде тұрған 585 отбасына беріледі. Үш айдан соң мұнда 3 мыңнан астам адам көшіп келмек. Облыс басшысы аудан әкімдігіне үйлерді пайдалануға беруге дайындап, аулаларды абаттандыруды тапсырды.