Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Бүгін Жетісай жұртымен кездескен өңір басшысы әңгіменің әлқиссасын осылай бастады. Дархан Сатыбалды ең алдымен атқарылған жұмыстарды саралап, соңынан жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ ол Жетісай жұртын мазалаған сұрақтарға жауап беріп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.