Садақ ату 20-шы ғасырдан бері бері олимпиадалық спорт түрі. Дегенмен елімізде кенжелеу дамып жатқаны рас. Алайда кейінгі жылдары түркі халықтарының ішінде садақ атуға қызығушылық арта түскен. Әсіресе соңғы уақыттарда өткізіліп жүрген көшпенділер ойыны спорттық жарыстарында жастардың садақ атуға ынтасы жоғары екені байқалады. Бауырлас Түркияда да кейінгі жылдары түркілердің садақ ату өнерін зерттеп, соны дамытуға ден қойып жүрген азаматтар жетерлік.