Шомылу маусымы басталмай тұрып, Түркістан облысында 11 адам суға кеткен. Өкініштісі сол, мерт болғандардың алтауы – жас бала. Облыс көлемінде шомылуға рұқсат етілген аймақтарда 44 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылса да, суға кету деректері әлі де азаймай тұр.
Төтенше жағдай қызметкерлерінің күнделікті жұмысы осы. Әйтсе де, ескертуді елемей, рұқсат етілмеген жерлерге барып шомылатындар көбейіп кеткен. Соның кесірінен бір ғана Түркістан облысында былтыр 62 адам суға кетіп қайтыс болған. «Егер қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталмайтын болса, бұл көрсеткіш биыл 2-3 есеге артуы мүмкін», - дейді мамандар.