Білім ордаларында қауіпсіздік мәселесі күшейтіледі. Осылай деген еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов министрліктерге арнайы тапсырма берді. Үкімет басшысы мектептерде бейне камералардың санын көбейтіп, кіреберісте бақылауды күшейту қажеттігін қадап айтты. Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлда оқу ордасына пышақ, балтамен қаруланып келген 9-шы сынып оқушысы шабуыл жасап, үш баланы аяусыз соққыға жыққан еді. Кейін оның психиатриялық есепте тұрғаны анықталды. Ал дәрігерлер балаларға ота жасалғаны туралы айтып, қазір жағдайлары тұрақты екенін жеткізді.