Жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес күшейту керек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға осылай деп тапсырма берді. Өйткені, өңірде жер қойнауын тонайтындарға тыйым болмай тұр. Әсіресе, қиыршық тасты тонналап тасып, саудалайтындар көбейген. Содан жер қыртысы бүлініп, таудағы бұлақтар тартылып жатыр. Ал ауыл тұрғындары құм, тас карьерінің кесірінен өзендер сарқылып, сусыз қалдық деп ашынады.