Зілзаладан зардап шеккен бауырлас түрік халқына қолдау ретінде Түркістандық ақсақалдардың бастамасымен 25 млн теңге көлемінде заттай және қаржылай гуманитарлық көмек жиналды. Қол ұшын созғандардың қатарында зейнеткерлер мен кәсіпкерлер, этно-мәдени және қоғамдық бірлестіктер, жастар бар. Гуманитарлық көмектің алғашқы бөлігі Түркияға жөнелтілді.