Түркістан
EN

Халықты жұмыспен қамти алмаған аудан мен қала әкімдері ескерту алды

136
13.02.2023

 «Жобалар қағаз бетінде қалып қойған. Нақты жұмыс жоқ. Құр сөз, бос әңгіме. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі қаралған жиында аудан, қала әкімдерінің жұмысын осылай бағалады. Облыс басшысы жауаптылардан үйлесімді әрі нақты жұмысты талап етіп, халыққа жағдай жасай алмаған әкімдерге ескерту жасады.