Түркістан
EN

Түркістан облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

63
13.02.2023

Түркістан облысында демалыс күндері қар құрсауында қалып қойған жолаушылар құтқарылды. Боранға байланысты Түлкібас ауданы аумағында жол жабылып, 600-ге жуық жолаушы аялдап тұрып қалған. Шақпақ-баба ауылы тұсындағы «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» тасжолының жабық учаскесі алдында 200-ден астам көлік пен 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды. Жол ашылғанша оларға 3 жылыту пункті ашылып, ыстық тамақ жеткізілді. Ал, көршілес Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тасжолының учаскесі жабылып, 150 жеңіл көлік пен 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы тоқтатылды.