Түркияның 10 облысында бір сәтте болған қуатты жер сілкінісіне тура бір апта өтті. Миллиондаған адам үйсіз-күйсіз қалды. Әзірге апат аймағындағы тұрғындардың үйлеріне кірулеріне рұқсат етілген жоқ. Ал қалаларда уақытша шатырлар тігіліп, зардап шеккендер сонда орналастырылған. Қазір бізбен тікелей байланысқа тілшіміз Нұрдәулет Сыздық шықпақ.