Түркістан
EN

Қ.Тоқаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

99
12.02.2023

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Аймақ басшысы Президентке былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгені құрағанын, ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқанын айтты. Сондай-ақ Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуді және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.