Түркияда зілзала кезінде 4 қазақстандық жоғалып кетті. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи айтты. Ал еліміздің мәдениет және спорт министрлігі Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар екенін мәлімдеді. Дегенмен туризм комитетіне туристік жолдамалардың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түспеген. Ведмоства туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар операторларға жүгіне алатынын жеткізді.