Қазақстанда теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі 32 процентке артты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Еліміздің жүк транзитінің көлемін ұлғайту үшін теміржолдар желісі кеңейтіледі. Қазіргі Сарыағаш өткізу пунктіндегі жүктемені жеңілдету үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында Дарбаза-Мақтарал жаңа теміржол желісін салу жоспарлануда. Бұл Өзбекстанмен тәулігіне пойыздар санын 26-дан 50-ге дейін көбейтеді. Және Орталық Азияның Еуропаға экспорттық-импорттық жүк мүмкіндік береді деп жоспарлануда.