Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі Түркиялық ұстаздарға көңіл айтты

2
08.02.2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бауырлас елдің басына түскен қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Өңір басшысы Қожа Ахмет  Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы келіп, Түркия Республикасы өкілдігі қызметкерлерімен кездесті.  Жиын 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған Түркиялық азаматтардың рухына құран бағышталды.