Түркістан облысында азық-түлік құнын тұрақандыру шаралары жалғасады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қолданыстағы тәсілдерді күшейтіп, бағаны тұрақтандыру бойынша нақты нәтиже беретін тетіктер табуды тапсырды. Аппарат жиынында алыпсатарларға бақылауды күшейтіп, азық-түлік пен тауар құнын негізсіз өсіруге жол бермеуді айтты. Бағаның бақылаусыз кетпеуін қадағалауды тапсырды. Облыс басшысы қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтуды күшейтіп, аудан, қала әкімдіктері ауыл шаруашылығы өнімдерін еліміздің өзге өңірлеріне тікелей өткізу жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыруды міндеттеді.