Түркістан
EN

Кәсіпкерлік саласында сыбайластықтың жолы кесілмек

116
07.02.2023

Түркістан облысында тоғыз кәсіпкерге 226 млн. теңге айыппұл негізсіз салынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен мәселе дер кезінде шешімін тапты. Бірақ, мұндай жағдайлар алдағы уақытта да қайталануы мүмкін. Сондықтан агенттік кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Бұл бағдарлама арқылы құзырлы орган өкілдері күнделікті азаматтардың мәселелерін жеке тыңдап, шешу жолдарын қарастыратын болады.