Түркістан
EN

Шымкент әкімдігі иттерді піштіруге 140 миллион теңге бөлді

277
07.02.2023

Бұдан былай Шымкентте қаңғыбас ит-мысықтарды бұрынғыдай көзін жоймайды. Оның орнына иесіз қалған жануарлар піштірілмек. Яғни стерилизацияланады, вакцинацияланады, осыдан кейін айналасына қауіп тудырмайтынына көз жеткізілген соң босатылып жіберіледі. Қамауда тек айналасына қауіп төндіретіндері ғана қалады. Қалалық әкімдігі осы мақсатқа 140 миллион теңге қаржы бөлген. Сала мамандары мемлекет бюджетінен бөлінетін ақша толық игерілмесе үкіметке қайтарылады деп жауап берді.