Түркістан
EN

Түркиядағы зілзала: Стамбұлдағы қайырымдылық шаралар

405
07.02.2023

Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мың адамнан асып кетті. Зілзаладан құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Ал ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.  Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер барады. Дәл қазір Түркиядағы тілшіміз Нұрдәулет Сыздық бізбен байланысқа шықпақ. Нұрдәулет қазіргі жағдай қалай болып жатыр?