Кешегі түн Арыстықтар үшін оңайға соқпады. Қазығұрт ауданынан бастау алатын «Қабылсай» табиғи арнасы суға толып, біршама жанның қора-қопсысын бұзып кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Адуыны қатты ағыстың жолын бөгеу үшін қала халқы бір үйдің баласындай ат салысты. Соның арқасында сел ауыздықталды. Қаладағы қазіргі ахуал қандай? Оқиғаның басы-қасында болып қайтқан тілшіміз тарқатсын.