Тосын жағдайға тап болған Сауран ауданы Абай ауылының тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды. Жұртшылықты қауіпсіз жерге автобустармен әкеліп, барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, жылы төсек-орын, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілген. Бізге келген ақпаратқа сүйенер болсақ, тұрғындар үшін медициналық пункт те жұмыс істеп тұр. Эвакуациялық пункт жұмысымен өңір басшысы Дархан Сатыбалды танысты. Облыс әкімі хергілікті билікке тұрғындардың жағдайын тұрақты түрде бақылауда ұстауды тапсырды.