Түркістан
EN

Арыста тасқын судың алдын алу шаралары үздіксіз жүруде

111
03.02.2023

Арыс қаласында тасқын судың алдын алу шаралары үздіксіз жүріп жатыр. Қала көлемінде су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналасы құм салынған қаптармен бекітуде. Апаттың алдын алу мақсатында 170-ке жуық маман, 15 мотопомпа, және 22 бірлік арнайы техника тартылып, 2000 қап құм әзірленген. Қазіргі таңда Монтайтас ауылдық округінде арық-атыздар мен жыраларды арнайы техника көмегімен тазалау, бөгеттер қою жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ, Бөген өзенінің жағалары бекітіліп, суды қауіпсіз аймаққа бұру жұмыстары жалғасып жатыр.