Түркия медицинасы ең қарқынды дамыған 10 мемлекет қатарына енеді. Сондықтан болар мұнда әлемнің түпкір түпкірінен дертіне ем іздегендер көптеп жиналады. Жылына 2 миллионнан астам адам медициналық туризм бағытында Түркияны таңдайды. Анадолыдағы меншікті тілшіміз Нұрдәулет Сыздық Түркия медицинасының неге кең сұранысқа ие екенін анықтау үшін Стамбул емханаларының бірінен тікелей байланысқа шықпақ. Нұрдәулет, сен эфирдесің! Түркия медицинасы қаншалықты дамыған?